Ақпарат
Шілікті негізгі мектебінде 6-9
сынып аралығында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
» атты Мұқағали оқулары өткізілді.
Мұқағали оқуларының мақсаты:Ақынның өлеңдерін
жаттап, сусындап өсіп келе жатқан өлеңге құмар оқушыларымызды өлеңге тарту, өз ұлтының қадір қасиетін және одан әрі дамыту үшін өз үлестерін
қосуға дәріптеу.
Іс шара барысы үш кезеңнен тұрды. I.кезең ақынның 10 өлеңін мәнерлеп
жатқа оқу.II кезең ақынға
жыр арнау.III кезең сұрақ- жауап. Ақынның жырларын
мәнерлеп оқуда 8-сынып
оқушылары Кузенбаева Салиха ,
Сәби Жүзім және Ыбрай Әнел
жақсы өнер көрсетті. Ақынға арнау
өлеңі Күзенбаева Салиханың шығарған
өлеңі өте жақсы болды.Сондай –ақ 4-сынып оқушысы
Марат Аяулым Мұқағалидың
өлеңдерін жатқа
айтты.Оқушылар ақынның сөзімен жазылған әндерді
орындады.Кеш Мұқағали Мақатаевтың « Есіңе мені алғайсың» әнімен аяқталды.