"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Шілікті ауылының негізгі орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Шиликты отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Шілікті ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сінің жанындағы «Балауса» шағын орталығының ортаңғы тобының 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарына есеп беру

04.03.2024

 

БЕКІТЕМІН

 

«____»______________20    ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023  -2024  оқу жылындағы атқарылған жұмыстарына

есеп беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші;

 

 

 

 

 

 

« Шілікті ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сінің жанындағы «Балауса» шағын орталығының ортаңғы  тобының  2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарына

есеп беру

2011  жылдың   1қыркүйегінде ашылған   Балауса шағын орталығының  алдына қойылған мақсаттарының бірі - бала денсаулығын нығайту мен өмірін қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулық сақтау технологиясын жүзеге асыруды жалғастырып,  баланың  тілін дамыту арқылы шығармашылық қабілетін шыңдау.  Мектеп жасына дейінгі балаға отбасы  және қоршаған ортамен қарым-қатынасын орнату арқылы адамгершілік тәрбие беру.

Оқу іс әрекеті Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Қарлығаш» бағдарламасының  «Денсаулық»,  «Қатынас»,  «Шығармашылық»,  «Әлеуметтік орта»,  «Таным» бес сала бойынша жүргізіледі.  Балабақша жаңа ақпараттық  технологиялар негізінде құрылып, заманауи талапқа сай  жабдықталған. Балабақшада  арнаулы компьютер сыныбы, бассейн, «Өзін өзі тану» кабинеті, қысқы бақ, асхана, медбикелер кабинеті, дене шынықтыру спорт залы, музыка бөлмелері бар         тәрбиеленушілерге қолайлы жағдай туғызып, олардың жан жақты тәрбие алуына, білімді де, иманды болып  қалыптасуына негізделген.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде берілген тақырыптар  бойынша балалар суретке қарап өз бетінше әңгіме, ертегі құрастыруға, өз пікірін жеткізе алуға, шығармашылық қабілеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін, назарын, тілін дамытуға мүмкіндік алды. Топтың балалары қылқаламмен жұмыс істеп, қарындашпен және табиғи материалдарды қолдана отырып сурет сала алады. Эстетикалық тәрбие беру мақсатында суреттерді көру, бақылау, көркем әдебиетті оқып беру, халықтық қолөнерімен таныстыру жүргізілді. 

Баланың ақыл-ойын, қабілеті мен дағдысын дамыту мақсатында тиісті білім беру міндетті болып табылады. Бала әр түрлі әрекеттерде: ойында, еңбекте, оқу іс-әрекетте білім алады. Күнделікті жұмыста оқытудың кейбір тәсілдері - саусақ жаттығулары,  логикалық есептер, енгізіліп, қолданып отырды.

 Таңертеңгілік жаттығулар, дене шынықтыру сабағы, таңертеңгілік жылулық шеңбері, серуендер, қимылды ойындар. Топта денені сергектікке баулу мен шынықтыру мақсатында  ұйқыдан кейін шынығу әдістері жүргізілді. Олар: нүктелі жаттығулар, көзге арналған жаттығулар, денені дымқыл орамалмен сүрту, табанға арналған жаттығулар, т.б.

Ата аналармен жұмыс - әрбір мерекелік шараларды өткізу барысында -  ата-аналар жиналысы, өзге де сұрақтарға байланысты өзара пікіралмасумен алмаса, жалғастырылып. ата-аналар бұрышы үнемі жаңалықтармен толықтырылды.   Сондай-ақ,   аурудың алдын-алу жөнінде ақпараттар, аурудың деңгейін төмендету туралы әңгімелер жүргізілді. Алғашқы ата-аналар жиналысы  қыркүйек айында    тәрбиеші Балтабекова А    «Тәрбие – отбасынан басталады» атты тақырыпта баяндамамен ашса,  медбике «Денсаулық - зор байлық» атты  тақырыпта медициналық кеңес жүргізді.  Жиналыс барысында ата – аналар комитетінің   мүшелерін сайлау немесе өзеріссіз қалдыру жөнінде және  әр түрлі мәселелер қамтылды. Қаңтар айында «Біз қандай ата – анамыз?» деген атпен анкета жүргізілді.  Жиналыста тәрбиеші Балтабекова А «Баланы ойын - өсіреді» атты тақырыпта  баяндама оқыды. Топта өткізілген ашық сабақтар жөнінде баяндалды.  Сондай-ақ, «Балаңыз мектепке дайын ба?» анкетасы жүргізілді.

        

        

«Денсаулық» білім беру саласы.

 Балалардың  өмірі мен денсаулығын сақтауды тиімді етіп  ұйымдастыру шаралары қарастырылған. Тыныс  алу  жаттығулары үнемі қолданылды.  Мектеп жасына дейінгі балалардың спорттық ойындарға деген қызығушылығын ояту мақсатында әртүрлі спорттық, логикалық, қимылды  ойындар ойналды.

 «Таным» білім беру саласы бойынша балаларды қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді меңгеріп, сұрақтар қою дағдыларын қалыптастырды. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда топ тәрбиеленушілері нәтижеге қол жеткізді. Баланың танымдық   үрдістерін  дамыту сабақ, ойын, жеке жұмыстар жүргізу арқылы жүзеге асырылып отырды. «Биік, аласа», «оң, сол», «Жоғары, төмен»,  «Уақытты бағдарлау», «Кеңістікті бағдарлау», «Азайту мен қосу», «Теңдік және теңсіздік» секілді математикалық ұғымдар қамтылды. Балаларға психологиялық ойындар мен дамыту ойындары өте ұнайды. Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысында  баланың ойлауын, қабылдауын, қиялын, есте сақтауын, сөздік қорын дамытатын әр-түрлі әдіс-тәсілдер  қолданылды.  Топ тәрбиеленушілері – Сәкен Қуаныш,Кошкенова Жанерке - математикалық түсініктерді қабылдауда  өз қабілеттерін өте жақсы деңгейде көрсетті.

           «Әлеуметтік орта» білім беру саласы.

            Барлық іс-шаралардың бағыты  мәдени кештер іс - әрекеттері арқылы шешіледі. Балалар Қазақстан Республикасында тұратын ұлт өкілдерімен  танысып, әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруға және  өзара достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.  Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендер еңбегіне деген құрмет сезімі оқу іс-әрекет пен мерекелік іс-шаралар барысында қамтылды. Қоршаған ортамен таныстыруда қауіпсіздік шаралары оқу іс-әрекеті барысында, серуен кезінде, еңбек жұмысында да үнемі қадағаланып отырды.

«Шығармашылық» білім беру саласы.

Шығармашылық білім беру саласы бойынша оқу жылында балалар музыка, өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық танытып, көркем туындыларға  өзінің қызығушылығын  білдіруге мүмкіндік алды.

Бейнелеу өнері қиялдау, эстетикалық талғам, көз алдына елестету, оны қағаз бетіне түсіру және ермексаздан мүсіндер жасау жұмыстарын қамтиды. Бейнелеу өнері  іс-әрекетінде   әр түрлі  тәсілдерді  қолдану - олардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырды.  Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бағдарламаның талабымен эстетикалық талғамға сай жасалған. Балалар жұмысы жинақталып, аты - жөні, тақырыбы жазылып, арнаулы папкаларда сақталды. Оқу іс-әрекеті кезінде жанрмен танысуға тиянақты көңіл бөлініп, жанрлардың сипаттамасы беріледі, балалар оларды өз бетімен анықтауға тырысты.

Құрастыру ересектер тобында ермексазбен бірге табиғи материалдар, қағаз, түрлі-түсті қазағздар мен  картондар қолдану арқылы жүргізілді. Бұл кезекте – Сәкен Қуаныш - шығармашылық оқу іс-әрекетінде тамаша қабілеттерімен көзге түсті. 

«Қатынас» білім беру саласында балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс уақытта логопедтік мақсатта тіл мен жақты, ерін мен езуді  қатыстыра отырып, «а», «о», «м», «н», «ң», «р» әріптерімен  дыбыстық  жаттығулар жасалды. Бала сөйлеу тілінің және танымдық қабілеттерінің дамуына халық ауыз әдебиетінің әсер ету маңызы зор. Осы орайда ертегі, әңгімелерді тыңдап, олардың мазмұнын айтып беру жұмысы жүргізілді. Ертегінің театрландырылған көріністері жүргізілді. Ересек  топта сюжеттерді сахналық көркем шығармашылықтарын ұйымдастыруда да қызығушылығы артып, өз бетінше сомдай және бейнелей алу дағдысы қалыптасты. Дегенмен, бұл үрдіс әлі де толықтыруды талап етеді.  Кошкенова Жанерке  өткен оқу жылындағы жетістіктеріне қарағанда біршама жоғарылады. Айтылуы қиын әріптерді қолдануы жақсарды. Тақпақ жаттауда, есте сақтап, қайта жаңғырта алуда жақсы көрінді. 

               

Әр түрлі тақырыптағы  өткізілген ертеңгіліктер, мерекелер, ойын-сауық кештері ата – аналарға және балаларға көп қуаныш әкелді.  Әнге бейімдеу бағдарламасы балалардың жас  ерекшеліктеріне сай жасалды.

Балалардың мәдени қабілетін  дамыту барысында

-  қыркүйек айында     «Алтын күз» мерекелік ертеңгілікте – жыл мезгілдерінің бірі – күздің ерекшеліктерімен танысуын жалғастырып, өз өнерлерін көрсетті. 

-  Желтоқсан айында  «Тәуелсіздік күніне» орай,  «Тәуелсіздік - тұғырым» атты тақырыпта ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі маңызды іс-шараларымен танысып, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсете алды.

-  «Қош келдің жаңа жыл!»  мерекесі – Жаңа жылдың ерекше мерекелік қуанышына бөледі. Бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, Жаңа жылды бірге қарсы алды.

- Тәрбиеші Балтабекова А «Сандар әлемі» атты тақырыпта топта ашық оқу іс-әрекетін өткізді. Мақсаты – қарапайым математикалық ұғымдарын түсіндіруді бекіту. Балалардың есте сақтау қабілетін арттырып, қайта жаңғырта алуын дамытты. Логикалық есептерді қолданып балалардың ойлау қабілеттірін шыңдады.

-  Наурыз айында 8 наурыз  - «Аналар мейрамы» аналарға арналған тәрбие сағаты өтеді .

-  Ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетіп, әдеп-ғұрыптармен таныстыру мақсатында «Армысың, әз Наурыз!» мерекелік ертеңгілігі өткізіледі;

-  Сәуір айында тәрбиеші Балтабекова А «Отпен айнама!» атты тақырыпта өрт қауіпсізідігіне орай топта ашық оқу іс-әрекетін өткізеді. Топ бүлдіршіндері суреттерге қарап, әңгіме құрастырып, өз ойын ашық жеткізе алуға, берілген тақырыпқа орай өз білімдерін көрсетеді. 

-  «1 мамыр – Достық мерекесі» атты тақырыпта топаралық ертеңгілік көрсетіледі. Достастық пен өзара бірліктің негізін қалаған Достық мерекесі балаларға өзге ұлттардың өнерімен танысуға, өзара сыйластыққа баулиды. 

-  9 мамыр «Жеңіс күні» тақырыбында топ тәрбиешісі Балтабекова А тәрбие сағатын  өткізеді. Мақсаты -  9 мамыр «Жеңіс күні екенін балаларға ұғындырып, көрсету.

-  Мамырда тәрбиеші Балтабекова А «Құстарға сыйлық» атты тақырыпта қорытынды ашық оқу іс-әрекетін өткізеді. Мақсаты - әдеттен тыс әдісті  қолдана отырып, өзге де табиғи материалдар жөнінде білім беруді толықтырады. Шығармашылық іс-әрекетке қызығушылығын арттырып, өзара достық пен бірлікте жұмыс істеуге үйретеді.  Ашық оқу іс-әрекеті барысында балалар шығармашылығынан үзінді ретінде слайд ұйымдастырылып, ұсынылады.

 Тәрбиеші Балтабекова А  «Жабайы аңдар» атты тақырыпта топта қорытынды ашық оқу іс-әрекетін өткізеді. Мақсаты – жабайы аңдардың тіршілігімен таныстыруды жалғастыру.

- Мамырдың 30 жұлдызында «Бақытты балалық шақ» атты  1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік  ұйымдастырылады.

Мектепке дейінгі мекеменің ең бірінші міндеті балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау, балалардың тілдерін дамытуда  жоғары жетістіктерге жету, танымдық қызметтерін белсендіру, баланың денсаулығын нығайту мен дене құрылысының даму деңгейін көтеру. Жеке тұлғаның өзін-өзі тануымен қарапайым математикалық   түсініктерін пайдалану арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмыстарын жүргізуге және қоршаған әлем туралы түсініктерін анықтап, оны түсінуге мүмкіндік беру. Жоғарыда аталған бес сала бойынша балалардың білім деңгейін арттырып, тәрбие мен білім беруді  жалғастыру, балаларды мектепке дайындау негізгі мақсатымыз.

 

 

Просмотров: 1042


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст